Сайттың тілін таңдау

Қалаулы тіл дұрыс анықталмаса, бар болғаны терезені жабыңыз

    Өндіріс. SPLATӨндіріс. SPLAT

    Өндіріс

    Компанияның өзіндік Ғылыми орталығы өз саласының жетекші мамандарымен бірге SPLAT өнімдерінің инновациялық құрамдарын әзірлеумен айналысады. Әзірлемелеріміздің бірегейлігі ресейлік және халықаралық сертификаттармен және патенттермен қорғалған.

    SPLAT өнімдері Organic Pharmaceuticals атты заманға сай жеке меншік экофабрикамызда және біздің еуропалық және жапониялық серіктестеріміздің заманға сай зауыттарында әлемнің жетекші өнімдерінің ең жақсы құрауыштарынан дайындалады.

    Компанияның және өндірістің сапасын басқару жүйесі GMP Cosmetics (ISO 22716), ISO 9001 халықаралық стандарттарына сәйкестікке сертификатталған.

    Экологиялық жауапкершілік – компания философиясының бір бөлігі.

    SPLAT өндірістік алаңының экологиялық менеджмент жүйесі ISO 14001 стандартына сәйкестікке сертификатталған.

    Міне, 5 жылдан астам уақыт бойы CO2 - бейтарап өндіріс бағдарламасын қолдап келеміз және серіктестерімізбен бірге жыл сайын дүние жүзі бойынша бірнеше гектарға ағаш отырғызамыз.

    SPLAT өндірісі Валдайдың экологиялық таза ауданында орналасқан. Біз табиғат алдындағы жауапкершілігімізді түсінеміз және қоршаған ортаға тигізетін әсерді азайту үшін қолымыздан келгенін аямаймыз.

    SPLAT өнімдері ЕО Косметикалық директивасына сәйкестікке сертификатталған. Олардың жоғары дәрежелі клиникалық тиімділігі Ресейдің, ЕО елдерінің, Жапонияның жетекші ғылыми институттарының зерттеулер кешенімен расталған.

    Біздегі сапаны басқару және өнімді сертификаттау жүйесі ұлттық заңнама нормаларының талаптарына сәйкес халықаралық нарықта тіркелу үшін қажетті негізге ие.

    Сіздің нарығыңызда тіркелу мүмкіндігі туралы толығырақ ақпарат алу үшін мына электрондық поштаға жазыңыз: state@splat.ru

    Жеке таңбаларды өндіру мәселелері бойынша: lysogor@splat.ru

    Өнімдеріміз