Сайттың тілін таңдау

Қалаулы тіл дұрыс анықталмаса, бар болғаны терезені жабыңыз

    Команда. SPLATКоманда. SPLAT
    Өндіріс. SPLATӨндіріс. SPLAT
    Жаңа өнімдер. SPLATЖаңа өнімдер. SPLAT
    Евгений Демин, SPLAT бас директоры

    SPLAT философиясы

    Жасап жатқан нәрсеңе бар жаныңды салатын болсаң, шын мәнінде баға жетпес нәтижеге жетесің. Қолдан келмейтін нәрсенің жоқ екендігіне сенетін болсаң және ең батыл ойлар іске асып жатқанына куә болсаң, еңбегіңнің зая кетпегенін түсінесің.

    Бұл дүниені жақсартуға әркімнің қабілеті бар екеніне кәміл сенеміз. SPLAT таңбасымен өнім шығарған кезде, оларға берілетін бүкіл жылулық Сіздің әр күніңіздің жарқындығын, бақыттылығы мен жақсылығын арттыратынын білеміз.

    Адамдарға саламатты, сымбатты және табысты болуға көмектесу – біздің миссиямыз.

    Евгений Демин

    SPLAT бас директоры

    • Идея

      Идеяларымыз арманнан туады. Біз оларды ойлап тауып, жүзеге асыруды ұнатамыз.

      Идея

      Достарымыз, сатып алушыларымыз бен серіктестеріміз өз қиялдарымен және тілектерімен бөлісіп, бізден шын мәнінде қажетті нәрсе жасауымызды сұрағанда, біз шын жүректен қуанамыз. Әлемде теңдесі жоқ инновациялық өнімдер осылай пайда болады. Патенттеріміз, ғылыми әзірлемелеріміз және олардың негізінде жасалған өнімдеріміз оны толық растайды!

    • Сапа

      SPLAT-тың қазіргі заманға сай сапаны басқару жүйесі әлемде теңдесі жоқ инновациялық өнімдер шығаруға көмектеседі.

      Сапа

      Әзірлемеден бастап іске асыруға дейінгі әртүрлі кезеңдерде реттелген бақылау және бизнес-үрдістерді басқару жүйесі SPLAT өнімдерінің тиімді, қауіпсіз, ал ең бастысы – сүйіспеншілікпен жасалғанына 100% сенуге мүмкіндік береді.

    • Экологиялылық

      Біз ғаламшарымыздың экологиясын сақтап қалу мүмкіндігін бағалаймыз, сондықтан бізде өндірілетін өнімдердің құрамында адамның денсаулығына және ғаламшарға зиянды болатын ингредиенттер жоқ.

      Экологиялылық

      SPLAT компаниясы экологиялық менеджмент жүйесін енгізу және оны үнемі жетілдіріп отыру арқылы қоршаған ортаға тигізетін әсерін азайтады. Біз өнімдерді жануарларға сынамаймыз. Өнімдеріміздің құрамында тек заманға сай және қауіпсіз құрауыштар ғана қолданылады.

    • Нәтиже

      SPLAT-тың барлық өнімдерінің жоғары тиімділігі Ресейдің, ЕО елдерінің және Жапонияның жетекші институттарында жүргізілген сынақтар барысында расталған.

      Нәтиже

      Әрбір өнім алға қойылған міндеттерді кешенді түрде шешуге бағытталған. Инновациялардың жылдам енгізілуі мен нарықтың қажеттіліктеріне «сезімталдық» бізге oral care, baby care & home care санаттарында жаңа сапа стандартын жасауға көмектеседі.

    Біз және біздің құндылықтарымыз туралы толығырақ