Сайттың тілін таңдау
Қалаулы тіл дұрыс анықталмаса, бар болғаны терезені жабыңыз
SPLAT – ауыз қуысына күтім жасайтын инновациялық кәсіби құралдардың ресейлік жетекші әзірлеушісі және өндірушісі.
Өзіндік ғылыми зертхана мен R&D орталық бірегей құрамдарды әзірлеумен айналысады. Бүгінгі таңда SPLAT-тың 10-нан астам ресейлік және халықаралық патенттері бар.
Барлық өнімдердің жоғары тиімділігі Ресейде, Жапонияда және ЕО елдерінде жүргізілген сынақтар барысында дәлелденген.
Қарқынды дамып келе жатқан отбасылық компания 13 жылдың ішінде ресейлік oral care нарығының 13%-дан астам көлеміне ие болды және әлемнің 28 еліне экспортқа шығарылады.
SPLAT-тың батыл, жарқын әрі ашық 700 адамнан құралған командасы әлемді жақсартуға болатынына шын жүректен сенеді және әр секунд сайын әлемде бір адамды күлімдету үшін қызмет етеді.
SPLAT-тың барлық өнімдері мен идеялары адамдарға саламатты, өзіне-өзі сенімді болуға, оңай тіл табысуға және өмірге қуануға көмектеседі. Бүкіл саладағы табиғилық – бізге тән өмірлік ұстаным.
Теңдесі жоқ ғажайып өнімдерді жасау – біздің сүйікті міндетіміз. Біз инновацияларды іске асырамыз, әлемдік жаңалықтарды бірінші болып енгіземіз, үйреншікті өнімдерді қолданудың жаңа, анағұрлым ыңғайлы және оңай тәсілдерін ұсынамыз. Біз әзірлеген әрбір өнім адамды дамытуға бағытталатын, білім беретін және өмірде көмектесетін ақпарат тасушысы болып табылады. Біз жасаған инновациялық шешімдердің көбі патенттермен қорғалған.
Сұлулық пен денсаулыққа арналған өнімдерді әлемнің жетекші өндірушілері ұсынған ең жақсы құрауыштардан ғана дайындаймыз. SPLAT құралдарын рақаттанып қолдану мен кепілді нәтижеге қол жеткізу үшін компанияның сапаны басқару жүйесінде барлық материалдар, қаптама мен өнімнің өзі де әр түрлі кезеңдерде сапа бақылауынан өтеді!
Жетістік – жағдайға қарай, сәттілік – мінез қасиеті. Адам жаңа салада өзіне әр кезде жоғары талап қоя отырып, табысты болуға үйренеді. Біз табысты адамдармен бірге қызмет етуге қуаныштымыз!
Біз үшін күн сайын жаңа нәрсе жасау, үйреншіктіден әдеттен тыс нәрсені байқау, үнемі білім алып, ептілікті жетілдіру маңызды. Біз өз қызметкерлеріміздің дамуға деген талпынысын қолдаймыз және соған ынталандырамыз, оларға әлемдік тәжірибе мен білімді қолжетімді етеміз.
Біз – жас кәсіпқой командамыз. Оптимизм мен әлемді жақсарту ниеті бәріміз үшін ортақ. Біз махаббатқа сенеміз, табиғилықты бағалаймыз және күн сайын өмірдің шаттығын көруге тырысамыз.
Белсенді өмірлік ұстаным – біз үшін маңызды қасиет. Сол себепті, біздің командамызда талапты, адал және әрдайым жәрдем беруге дайын адамдар еңбек етеді. Бірлесе отырып, аса маңызды және қажетті іспен айналысамыз – болашақтың іргесін қалаймыз. Арманға тұрарлық емес пе?
Біздің көпшілігіміз уақытымыздың анағұрлым көп бөлігін кеңседегі және фабрикадағы жұмыста өткіземіз, сол себепті ұжымда жылы және ашық, сенімді және шынайы қарым-қатынасты жарысу үшін емес, бірлесіп шығармашылықпен айналысу үшін сақтап қалуға талпынамыз. Біз осы қарым-қатынасты жоғары бағалаймыз, аялаймыз және сақтаймыз. Біздің командамызға келетін жаңа мамандар тәжірибе мен кәсіпқойлықтан бөлек, біздің құндылықтарымызға қосылғанын, айналадағы әлемді жақсартуға қолғабыс еткенін маңызды деп санаймыз!